Биылғы жылы қазақ ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ғалым, қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр.
Республика деңгейінде кең көлемде тойланып жатырған бұл шара мәдени ұйымдармен қатар білім беру ұйымдарына да тікелей қатысты.
Соған байланысты “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында ұлттық гимназия кітапханасында “Ұлт руханиятының көсемі” атты 2 күндік кітап көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау және оқырмандарды А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын.
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін, – деп үн қатқан педагог ғалым А.Байтұрсынұлының өнегелі өмір жолымен бірге, ізгілікке толы еңбектері мен шығармалары таныстырылды.
Қазақ жұртын өнер-білім, рухани жетілуге үндейтін “Тарту” атты кітабы көпшілік оқырмандарға жол тартқандығын, кітапхана қорынан алып оқуға болатындығы жайлы ұсыныстар айтылды.
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы


