Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 9-11- сынып оқушылары мен Атырау облысы ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының алдын-алу бөлімінің дәрігер -эпидемиологы Серікбаева Әсем Қанатқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қазіргі қоғамда белең алып отырған АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары және оның алдын алу жөнінде ақпараттар беріп, гимназия шәкірттерін зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Оқушылар тарапынан маманға сауалдар қойылды. Арнайы слайдтар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.




Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия