8(7122)518608

atyrauoblgim@mail.ru

Атырау қаласы, Абдрахманов көшесі 39а

logo-white-shadow

Кітапхана

Мемлекеттік сатып алу

Галерея

ҰБТ

Серіктестер

“Мектеп – ата-ана – оқушы” үштігі – тәрбие тамыршысы” атты отбасы құндылығы күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды.

жұмыс жоспарына сай облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 16 қарашада “Мектеп – ата-ана – оқушы” үштігі – тәрбие тамыршысы” атты отбасы құндылығы күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ата-аналар ұйымдастырылған іс-шараларға жоғары қызығушылық танытып, белсене қатысты.

Ашық есік күнінде ата-аналар оқушылардың сабақтарына қатысып қана қоймай, түрлі тренингтер, интеллектуалды сайыстар мен жәрмеңкелерде, сайыстарда бақ сынады.

Арнайы бағдарламамен жүзеге асырылған іс-шара нәтижесінде “Ең белсенді сынып” номинациясымен 7 “б” сынып, 9″в” сынып, 8 “в” сынып ата-аналары марапатталды.

“Менің аспаз анашым” сайысында ерекше көзге түскен 7 “б” сынып оқушысы Тұрғанбай Әмірхан мен оның анасы Шығанақова Бақытгүл Алғыс хатпен марапатталды.

“Озық ойлы ата-ана” интеллектуалды сайысында жеңіске жеткен 8 “б” сынып ата-анасы Туракбаева Бұлбұл арнайы дипломмен марапатталды.

Мектеп тынысымен жақынырақ танысып, оқушылардың білімі мен өнеріне тәнті болған ата-аналар ыстық ықыластарын білдіріп, ризашылықпен тарқасты.

@adisteme_ortalyk_atyrau жұмыс жоспарына сай өтіп жатырған онкүндік жоғары деңгейде ұйымдастырылды.