8(7122)518608

atyrauoblgim@mail.ru

Атырау қаласы, Абдрахманов көшесі 39а

logo-white-shadow

Кітапхана

Мемлекеттік сатып алу

Галерея

ҰБТ

Серіктестер

Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 7 “б” сынып шәкірттері 6 қазанда Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрына барып, “Хиуаз” қойылымын тамашалады.

Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 7 “б” сынып шәкірттері 6 қазанда Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрына барып, “Хиуаз” қойылымын тамашалады.

Қойылым жерлесіміз Хиуаз Доспанованың майдандағы өмірі туралы құнды ақпарат беріп, өскелең ұрпаққа жеңістің оңайлықпен келмегендігін, бүгінгі жарқын өміріміздің артында ата-бабаларымыздың ерен еңбегі жатырғандығын насихаттайды.

20 жастағы өрімдей жас қыздарымыздың күндіз-түні елімізді, жерімізді жаудан азат ету үшін еткен еңбегінің арқасында бүгін біз бейбіт күннің астында татулығымыз мен берекеміз жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз.

Дер кезінде лайықты бағасын ала алмаған қазақтың тұңғыш ұшқыз қызы Хиуаз Доспанованың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс.

Баршаңызды театрдың көрермені болып, үздік қойылымдарды жүрегіңізбен сезініп, рухани ләззат алуға шақырамыз.