25 қазан – Республика күніне орай оқушыларды патриоттыққа, халқына адал қызмет етуге, туған елінің Гимнін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі ұлттық гимназияда “Патриотизм дауысы” мемлекеттік Гимнін орындау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиынға мектеп оқушылары түгел қатысып, ҚР Мемлекеттік Гимнін мақтанышпен орындады.
Кеудесінде намыс оты бар жас ұрпақты қалыптастыру әрбір мектеп ордасының басты міндеті десек, еліміздің ертеңі болар жас патриоттарымыз, ата-бабаларымыздың ізін жалғастырар ұрпақтарымыз ер жетіп, бой түзеп келе жатыр деп сенім білдіреміз.
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Қалалық Білім Бөлімі
Daryn-Atyrau
Атырау Облыстық Ббб
#atyrau_gımn
#patriotizm_dauysy