8(7122)518608

atyrauoblgim@mail.ru

Атырау қаласы, Абдрахманов көшесі 39а

logo-white-shadow

Кітапхана

Мемлекеттік сатып алу

Галерея

ҰБТ

Серіктестер

“Таланттарды анықтау және қолдау орталығының” ұйымдастыруымен 20-21 қазанда облыстық “Махамбет оқулары” байқауы өтті

“Таланттарды анықтау және қолдау орталығының” ұйымдастыруымен 20-21 қазанда облыстық “Махамбет оқулары” байқауы өтті.

Байқауға гимназиямыздан төрт бағыт бойынша шәкірттеріміз қатысты.

“Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер” бағыты бойынша 7 “в” сынып шәкірті Татанғали Нұрдаулет 3-орынды иеленді. Жетекшісі – Куандыкова Э.К.

“Шашақты найза, шалқай күй” бағыты бойынша 9 “б” сынып шәкірті Сақи Ернұр жүлделі 3-орынды қанжығасына байлады. Жетекшісі – Ғалым Анар.

“Ел құтқарар ер едім…” бағыты бойынша 10 “в” сынып шәкірті Жаумитов Алихан “Алғыс хатқа” ие болды. Жетекшісі – Умбеталиева С.Н.

Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз. Әрдайым биіктерден көріне беріңіздер. Дарынды шәкірттерімізді дайындаған жетекшілеріне алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.