Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда @adisteme_ortalyk_atyrau жұмыс жоспарына сай өткізілген “Тәрбие тамыршысы” сынып жетекшілер онкүндігі қорытындыланды.
Онкүндікте қол жеткізген жетістіктер ортаға салынып, сынып жетекшілер апталық барысы туралы қорытынды ойларымен бөлісті.
Оқушылардың ойларын ескере отырып, осындай іс-шараларды қайта өткізу туралы сөз қозғалды.
Мектеп тынысына жаңаша леп сыйлаған онкүндік жоғары деңгейде өткізілді. Оған дәлел – оқушылар мен ата-аналардың ыстық лебіздері мен белсенділік танытулары.
10 күн бойы әр түрлі құндылықтарды бойларына сіңіріп, ерекше сезімге бөленген шәкірттеріміз бен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Мектеп өмірімен біте қайнасып, бірлесе атқарған жұмысымыз жалғасын таба берсін.