Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай 8 желтоқсанда ұлттық гимназия кітапханасында автордың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, еңбектерін жас ұрпаққа таныту мақсатында библиографиялық шолу өтті.
Шара барысында оқушылар жазушының өмірімен, еңбек жинақтарымен танысып, жан-жақты рухани азықтанды.
Сонымен қатар экран арқылы тест сұрақтары қойылып, оқушылар белсенді қатысты.
Классик жазушының ерен еңбектері гимназия шәкірттерінің жадында мәңгі сақталатыны сөзсіз.


