Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес “Рух сәруарлары” жобасы аясында “Тәрбие тамыршысы” сынып жетекшілер онкүндігінің жұмыс жоспарына сай
8-9 қарашада “Қарым-қатынас құндылығы” күніне байланысты сынып жетекшілер аутсорсингі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Аутсорсинг тәсілі арқылы кез-келген ортаға бейімделу қабілетін дамыту.
Өзге сыныптармен қарым-қатынас құруға бағытталған бастама оң әсерін берді. 2 күн ішінде кураторлар оқушылармен бірлесе отырып сынып сағаттары мен тренингтер өткізді.
Әдістемелік орталықтың бастамасымен өтіп жатырған сынып жетекшілер апталығы мектеп тынысы мен оқушылар өміріне тың өзгерістер енгізіп, сыныппен жұмысты жандандыра түсуге көмектесетініне сенімдіміз. Осындай керемет шаралар жалғасын таба берсін.


