27.10.2022 жылы сағат 15-00де “Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия ” мекемесінде гимназия кітапханашыларының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Қ.Жылқышиев ағамыздың 24 қазан 74 жасқа толуына орай “Өлеңмен өрілген өмірі” атты шығармашылық бағытта сыр-сұхбат кездесу өтті.
Бұл шараға арнайы ағамызбен бірге, “Ағамыз туралы бір ауыз үзік сыр айтып, ой тастау” бағытында республикаға танымал қаламгер ағаларымыз, сонымен қатар филология ғылымдарының кандидаты, ақын, “Сарайшық ” журналының бас редакторы Гүлзада Ниетқалиева сынды қонақтар шақырылды.
Кездесудің мақсаты қаламгер ағамыздың өнегелі өмір жолдарын таныстыру, өрнегі мол жырларын оқуға шақыру, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру бағытында болып отыр.
Гимназия оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ақын ағамыздың жырларын жатқа оқып, шығармаларымен танысты.
Сұхбат барысында бір оқушымыз ақын ағамызға шабыты ашылып, сол жерде жырын арнап, ақ батасын алды.
Оқушы бойындағы дарынын оятып, қабілетін ашу осындай игі істерден басталатыны сөзсіз.
Кездесу соңында ұстаздар мен оқушылар қаламгер ағамыздан қолтаңба алып, жақсы көңіл-күйде, зор тебіреніспен тарқасты.



