8(7122)518608

atyrauoblgim@mail.ru

Атырау қаласы, Абдрахманов көшесі 39а

logo-white-shadow

Кітапхана

Мемлекеттік сатып алу

Галерея

ҰБТ

Серіктестер

12 қазанда облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 7-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Қасиетті рәміздер – тұғырлы елдің алтын діңгегі” тақырыбында сынып сағаты өтті.

12 қазанда облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 7-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Қасиетті рәміздер – тұғырлы елдің алтын діңгегі” тақырыбында сынып сағаты өтті.

Сынып сағатының басты мақсаты – оқушылардың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.

Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы мәлімет беру.

Сынып сағаты оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелейді.

Шара барысында мемлекеттік рәміздерімізді аяқ асты етпей, құрмет көрсету туралы сөз қозғалды.

Оқушылар мемлекеттік рәміздердің суретін салып, өз жұмыстарын қорғады. Шәкірттеріміз көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті.

Шара діттеген мақсатына жетті.

Еліміздің тарихын біліп, мемлекеттік рәміздерімізді, құндылықтарымызды қадірлей білейік.