14 қазанда “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының ұйымдастыруымен өткен “Балалар оқулары” кітап оқу байқауына мектебізден 2 оқушы қатысты.
Сайыс “Балалар жылына” орай Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.
Оқушылар байқау барысында қазақ және әлем әдебиетінің озық үлгілерін оқып, бақ сынады.
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген байқау нәтижесінде 8-сынып шәкірті Жағалбайлы Малика “Алғыс хатпен” марапатталды.
Жетекшісі – Куандыкова Э.К.
9-сынып шәкірті Айбекқызы Кәусар жүлделі 1-орынды иеленіп, республикалық сайыста облыс намысын қорғауға жолдама алды.
Жетекшісі – Умбеталиева С.Н.
Мектебіміздің мерейін асқақтатқан шәкірттерімізді шын жүректен құттықтай отырып, бағындырар белестеріңіз көп болсын демекшіміз.
Жүзден жүйрік танылған шәкірттерімізді дайындаған жетекшілеріне алғыс білдіреміз.


Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия