8(7122)518608

atyrauoblgim@mail.ru

Атырау қаласы, Абдрахманов көшесі 39а

logo-white-shadow

Кітапхана

Мемлекеттік сатып алу

Галерея

ҰБТ

Серіктестер

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында “ “ тақырыбында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және Атырау облысы “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” Қоғамдық бірлестігімен бірлескен патриоттық іс-шара болып өтті.

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында “ “ тақырыбында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және Атырау облысы “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” Қоғамдық бірлестігімен бірлескен патриоттық іс-шара болып өтті.

Іс-шараға “Желтоқсан” оқиғасының куәгерлері Мусина Гүлшара мен гимназия мұғалімі Ибрагимова Гүлмайра қатысып, тарихи оқиға туралы сұқбат берді.

Оқушыларымызға тәуелсіздікті жақындатқан “Желтоқсан” оқиғасының саяси салмағын түсіндіріп, азаттығымыздың оңай келмегендігін тебірене сөз етті.

Іс-шара аясында 7-сынып шәкірттері “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” қатарына қабылданып, ант қабылдады. Шәкірттеріміз ұлтжандылыққа шақырар әсем әндер шырқап, жыр жолдарын жолдады.

Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгі болсын!