19 қазанда облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 25 қазан – Республика күніне орай “Менің арманымдағы Қазақстан” тақырыбында жалпы республикалық эссе байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушыларға Республика күнінің маңызын түсіндіру.
Елін, жерін сүйе білетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Байқауға 7-11-сынып оқушылары түгел қатысты. Оқушылар өз жұмыстарында пікірлерін айқын көрсетіп, креативті ойларымен бөлісті.
Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған, батырларымыздың ерен еңбегімен жеткен тәуелсіздігімізді сақтап қалу әрбір қазақтың міндеті екенін түсіне отырып, елімізді дамыту жолындағы өздеріне артылған жүкті сеніммен атқаратындықтарын мақтанышпен жазған.
Атырау Облыстық Білім Басқармасы
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Қалалық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Ббб
Daryn-Atyrau
Saltanat Umbetalyeva
#Республикалықдиктант#АтырауДиктантЖазуда
#Атамекен