Ұлттық гимназия жатақханасы 4 қабаттан тұрады. Әр қабатта:
- Оқу залы;
- Жатын бөлмелер;
- Балалар жуынатын душ;
- Әжетхана;
- Киім үтіктейтін бөлмелер;
- Тәрбиешінің бөлмесімен қамтамасыз етілген.
- 150 балаға арналған асхана, жатақхананың I қабатында буфет бар.
Жатақханаға жаңа 2021-2022 оқу жылында жалпы саны 128 оқушы орналасты. Оның ішінде ұл бала саны -45,қыз бала саны -83. 128 оқушы 3 топқа бөлінген. 1-топқа 8-9 сынып оқушылары, 2-топқа 7, 8 сыныптар, 3-топқа 9,10,11 сынып оқушылары орналасты. Оқушылар медициналық тексеруден өткізіліп, бөлмелеріне орналасты.
Ұлттық гимназияда 2021-2022 оқу жылында жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Оқу жылының басында «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» (ҚР БҒМ 2015 жыл 22 сәуір №229 бұйрығы) тәрбие жұмыстарының аймақтық кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып, ұлттық гимназияда тәрбие жұмыстарының кешенді бағдарламасы жасақталып, ұйымдастыру шаралары іске асты. Жатын бөлмелері белгіленіп, топ тәрбиешілері тағайындалды. Оқушылардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жинақталды. Сонымен бірге оқушылардың жатақхана ішіндегі тәртіптеріне, киім-киісіне, күн режиміне бірыңғай талаптар қойылып жатақхана,ата-ана,оқушы арасында үш жақты келісім шарт орнады.
Тәрбиешілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;
- Рухани адамгершілік тәрбие;
- Ұлттық тәрбие;
- Отбасы тәрбиесі;
- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
- Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие;
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір саты.
Жалпы оқушылар 3 топқа бөлінді І топ тәрбиешісі –Лесова Жанар, ІІ топ тәрбиешісі – Нигметова Т, 3-топ тәрбиешісі Жубаева Гүлсім
Әр аптаның дүйсенбі, жұма күндері жалпы оқушылар жиналысы, әр айдың 15- ші жұлдызында қыз балалар, 20-жұлдызында ұл балалар жиналысы өткізіледі.
Әр оқушының мінез-құлқын, психологиясын танып білу мақсатында