Тамыз айының 14-17 аралығында Абай облысында өткен ХХІІІ Республикалық Абай оқуларында шәкіртіміз Қаби Айдана жүлделі І орынмен оралды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен 126 оқушы қатысқан ауқымды шара Жидебайдағы Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінің ашық амфитеатрында өтіп, Семей өңірінің тарихи орындарына саяхат жасалды.
Абай оқуларының қорытындысы бойынша шәкіртіміз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен және алтын медальмен марапатталса, жетекшісі Сдихова Жайнагүлге “Дарын” РҒПО-ның “Алғыс хаты” табысталды.
Оқу жылын жағымды жаңалықпен ашып берген Айдананы гимназия директоры Нұрлыбек Ғилажұлы құттықтап, толағай табыстар мен жарқын жеңістер тіледі.


Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия