Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 1 қыркүйек Білім күніне орай алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Гимназия директоры Қазақстан ПҒА-ның академигі Даумов Нұрлыбек Ғилажұлы шәкірттерді білім күнімен құттықтап, жүрек жарды жылы лебізін білдіріп, облыстық, республикалық Абай оқуларынан орын алған шәкірттерімізді , ұстаздарымызды марапаттады.
Салтанатты жиыннан кейін «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.







