Өлке тарихын насихаттау, халқымыздың өткенін ұлықтау мақсатында 20 қыркүйекте 7 “б” сыныбы “Сарайшық” музейіне саяхат жасады.
Оқушылар музей қызметкерлерінің көмегімен ежелгі Сарайшық қаласының тарихымен танысып, археологиялық зерттеулердің нәтижесінде табылған тарихи жәдігерлерді тамашалады, тарихи орындарға қатысты аңыз-әңгімелерді тыңдап, ерекше әсер алды.
Бүгінгі ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтер, тарихымызды ұлықтар шаралар жалғасын таба берсін.