
Халқымыздың ғасырлар бойы сыннан өтіп мол тәжірибе жинақтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген мол ұлттық тәлім-тәрбиелік бай қазыналарының асыл мұралары елімізде ұзақ жылдар бойы жалпыкеңестік саяси педагогикалық жүйенің ешқандай да халықтың табиғи орталары мен әдет-ғұрыптарының қасиеттерімен санаспай, қазіргі білім мен тәрбие шаңырақтарындағы оқу-тәрбие жұмысының негізіне айналмай, қоғамдық өмірімізден тыс қалғаны белгілі.
Осы проблемалар негізінде қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде жас ұрпақтың сана сезіміне ұлттық намыс тәрбиесін қалыптастыруда және оны ата бабамыздың салып кеткен ұлттық тәлімінің нақ жолы негізінде қазіргі тәлім-тәрбие шаңырақтарында жүзеге асырылуы тиіс екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Осы орайда облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия 1999-2000 жылдары қабілетті балаларға арналған облыстық ұлттық гимназия, ал 2001 жылдан бастап республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығына қарайтын мектептер жүйесіне қосылып, 28 жыл бойы дарынды шәкірттерді нытып келеді. Гимназия ұжымы бүгінде 28-түліктерінің қанатын комдап, қиясына ұшырғалы тұрған ұлағатты орда.
Гимназиядан қанаттанып ұшқан түлектер облыста ғана емес, республиканың жоғары оқу орныдарында, ірі өндіріс, басшылық саласында ғылыми дәрежелер, атақтар, биік лауазымдармен еңбек етуде. Бұл күнде гимназия түлектері арасынан екі ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты шықты.
Бүгінгі таңда гимназияда бір Педагогика ғылымдар академиясының академигі, үш кандидат-доцент, жоғары санатты 19 мұғалім, бірінші санатты 8 ұстаз дәріс берсе, белсенді де жаңашыл жас ұстаздар легі де уақыт санап артып келеді.
Облыстық ұлттық гимназия ерекше қабілетті және дарынды оқушыларға жан-жақты терең білім алуға мүмкіншілік жасайды, жеке шығармашылық қажеттілігін іске асыруға, тереңдетіп оқып-йрену мақсатында өз бетімен жекелеген циклдегі пәндерді таңдап алуға, ғылыми жұмыс дағдысын меңгере білуге көмектеседі және кәсіби даярлықты іске асырады.
Гимназия ең дарынды әрі қабілетті жасөспірімдерге кең ауқымды білім алуға, өздерінің даралық шығармашылық ынта-ниеттерін дамытуға, жеке пәндерді тереңдетіп оқуын еркін таңдауға, ғылыми еңбек дағдыларын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды және оларды тандаған мамамндықтарына бағытталған арнайы дайындық шаралары жүзеге асырылады.

