8(7122)518608

atyrauoblgim@mail.ru

Атырау қаласы, Абдрахманов көшесі 39а

logo-white-shadow

Кітапхана

Мемлекеттік сатып алу

Галерея

ҰБТ

Серіктестер

БІЛІМ БЕРІ ҮДЕРІСІ

1. Білім беру процесін ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

2. Оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді «Гимназия» дербес жүзеге асырады.

3. «Гимназияның» оқу-жұмыс жоспарын «Дарын» РҒПО-мен келісіліп,  «Құрылтайшысы» бекітеді.

4. «Гимназия» әкімшілігі оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін өздігінен дербес таңдайды.

5. Білім алушылардың сұрауларына және кадрлық әлеуеттің мүмкіндіктеріне сәйкес ішкі бейінді пәндер, сондай-ақ арнаулы және таңдау курстардың білім салаларын айқындайды.

6. «Гимназияда» сыныптың толымдылығы 7-9 сыныптарда 25 -30 оқушыдан, 10-11 сыныптарда 20 оқушыдан аспауы керек, жекелеген пәндер бойынша оқушылар топтарға бөлініп оқытылады. 7-11 сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда орыс тілін, информатика, дене шынықтыру, технология, шетел тілі екі топқа бөлінеді.Бейіндік пәндерден оқушылардың таңдауы бойынша ата-анасының/заңды өкілінің арызы негізінде сыныптар екі топқа бөлініп оқытылады. Дене шынықтыру және технология пәндері бойынша оқушылар  ұл және қыз болып бөлінеді.

7. Сыныптарды қосымша бөлу икемді вариативті кесте, деңгейлік бөлу консультациялар мен таңдау бойынша пәндер жүйесі арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмыс істеуін талап етеді.

8. Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс уақыты көзделеді.

9. «Гимназияның» оқыту тілі – мемлекеттік тілде оқытылады және өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын басшылыққа  алады.

10. «Гимназияда» бескүндік оқу аптасы енгізілді. Сенбі күндері вариативтік компоненттегі сабақтар өткізіледі. «Гимназияда» оқу жылының басталуы «ҚР Білім және Ғылым министрлігінің жалпы білім беретін оқу орындарында оқу жылының басталуы туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

11. «Гимназияда» оқу сабақтары 1 қыркүйектен басталып, 25 мамырда аяқталады.

12. 7-11 сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

13. «Гимназияда» оқу процесі тоқсан бойынша бөлініп жүргізіледі. Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:

  • Күзгі каникул – 7 күн (30 қазан мен 5 қарашаны қоса алғанда);
  • Қысқы – 10 күн (29 желтоқсан мен 7 қаңтарды қоса алғанда);
  • Көктемгі – 13 күн (21 наурыз бен – 4 сәуірді қоса алғанда).

14. «Гимназияда» оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі – сабақ. Сабақ ұзақтығы – 40 минут. Сабақ сағат 8.00-ден басталып, 13.30-да аяқталады. Арнаулы курстар сағат 14.15-те басталады.