Оқу мерзімі: 7-сыныптан бастап – 5 жыл.
Оқуға түсуге керекті құжаттар:
- баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша)
- ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
- үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
Құжаттар 1 наурыз – 30 сәуір аралығында қабылданады.
Конкурстық іріктеу 01-30 мамыр аралығында өткізіледі.
Толық ақпарат qabyldau.daryn.kz сайтында.
Қосымша ақпараттар:
Тел: +7 775 1080157
Фэйсбук: Атырау облыстық ұлттық гимназия
Инстаграм: ulttyqgimnazia
Бағыттар

Қоғамдық - гуманитарлық бағыты бойынша оқушылар қазақ тілі мен әдебиетті, тарих, ағылшын және араб тілдерін меңгереді. Қазақтың ұлттық өнерін, салт дәстүрін меңгеріп, ақындық айтыс өнеріне машықтанады

Химия - биология бағыты бойынша оқушылар аналитикалық химия, химия технологиясы, органикалық химия, биология пәндерін терендетілген бағдарламалар бойынша оқиды

Физика - математика бағыты бойынша оқушылар физика, математика, информатика пәндерін терендете оқиды, жоғары оқу орындарына түсуге арналған қиындатылған есептерді шығару жолдарын және ментальды арифметикалық есептеуді меңгереді